ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

KazNARU ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІМЕН ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

2026 жылдың 4 наурызында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде «Мамандықты дұрыс таңдау – болашаққа бастар жол» атты кәсіби бағдар беру бағытындағы онлайн және офлайн форматтағы кездесу өтті. Іс-шара Басқарма Төрағасы–Ректордың Бірінші орынбасары, в.ғ.д., профессор Ибрагимов Пірімқұл Шолпанқұлұлының бастауымен өтті.
Кездесуге Қарағанды облысының 401 мектебінен 8498 мектеп бітіруші түлек онлайн форматта қосылды. Сонымен қатар жиынға қалалық және аудандық білім бөлімдерінің басшылары мен мектеп директорлары, сынып жетекшілері, кәсіби бағдар беруші педагогтер, KazNARU басқарма мүшелері, факультет декандары, профессор-оқытушылар құрамы және білім алушылар қатысты.
Қарағанды облысы Білім басқармасының басшысы Жекебаев Дулат Шайкенұлының қолдауымен жоспарланған іс-шара мәресіне жетті.
 Қарағанды облысының Білім басқармасының бас маманы Серикова Арайлым Жастлековна сөз алып, мектеп бітіруші түлектерге іс-шараның өтілу барасында мұқият, зейін қойып тыңдап, мамандық пен универді дұрыс таңдауға, жастарды сапалы білім алуға шақырды.
Іс-шараны Қабылдау комиссиясының директоры, э.ғ.к., профессор Қайырбаева Айнұр Елтайқызы ұйымдастырып, жүргізіп, талапкерлерге  ҰБТ тапсыруда және оқуға қабылдау талаптары мен ережелері, білім беру бағдарламалары және оқу мүмкіндіктері туралы толық ақпарат берді.
Кездесу барысында қатысушыларға KazNARU-дың білім беру бағдарламалары, халықаралық серіктестіктері, академиялық ұтқырлық және екі диплом бағдарламалары таныстырылды. Сонымен қатар университеттің әлемнің жетекші аграрлық зерттеу университеттерімен ғылыми және білім беру саласындағы ынтымақтастығы туралы айтылды.
Іс-шара барысында факультет декандары мен осы облыстан келіп, оқып жатқан студенттер сөз сөйлеп, білім беру бағдарламалары мен студенттік өмірдің мүмкіндіктері туралы аьап өтіп, KazNARU оқуға шақырды.
Кездесу соңында қатысушылар арасында сұрақ-жауап сессиясы өткізіліп, талапкерлер мен олардың ата-аналары өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
Іс-шара қорытындысында KazNARU Қабылдау комиссиясы талапкерлер мен олардың ата-аналарына үздіксіз, жүйелі кеңес беруге дайын екені атап өтілді.
 
KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник