KazNARU-да МЕРЕКЕЛІК АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің аумағында университет ұжымы үшін дәстүрлі ауыл шаруашылығы өнімдерінің мерекелік жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – университет қызметкерлеріне сапалы әрі табиғи өнімдерді қолжетімді бағамен ұсыну және көктем мерекесі қарсаңында көтеріңкі көңіл күй сыйлау.
Мереке алдындағы дайындық кезеңінде азық-түлік пен дастарқан қамын жасау әр отбасы үшін маңызды. Осыған орай ұйымдастырылған жәрмеңке көпшілікке тиімді бағамен қажетті өнімдерді сатып алуға мүмкіндік берді. Қатысушылар нарық бағасынан төмен ұсынылған өнімдерді алып, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.
Жәрмеңкеде балғын әрі экологиялық таза өнімдердің кең таңдауы ұсынылды. Атап айтқанда, жеміс-жидек, ет және сүт өнімдері, сондай-ақ табиғи сары май, қаймақ, сүзбе, құрт, ірімшік секілді ұлттық тағамдар мен түрлі шұжық өнімдері сатылымға шығарылды.
Бір алаңда сапалы өнімдерді тиімді бағамен сатып алу мүмкіндігі университет қызметкерлері үшін қолайлы болды. Мұндай жәрмеңкелер алдағы уақытта да өз жалғасын табады.
KazNARU Баспасөз қызметі


.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)