25-26 ақпанда 8D081 Өсімдік шаруашылығы кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде қорғаулар өтті
2026 жылғы 25-26 ақпанда сағат 11:00-де Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D081 Өсімдік шаруашылығы (6D080800 - Топырақтану және агрохимия; 6D081100 - Өсімдік қорғау және карантин мамандықтары; 8D08102 - Топырақтану және агрохимия; 8D08104 - Өсімдік қорғау және карантин білім беру бағдарламалары) кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде Карабаев Куаныш Бакыткелдиновичтің «Қаскелен Агропаркіндегі ашық қоңыр топырақтардың құнарлығы мен жүгері өнімділігін жоғарлатуда инновациялық технологияны қолдану» және Жандыбаев Оркен Серпинулының «Оңтүстік Қазақстан жағдайында интенсивті алма бағында тыңайтқыштардың ғылыми негізделген жүйесін қолдану» тақырыптарындағы 6D080800/8D08102 – «Топырақтану және агрохимия» мамандығы және білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертацияларының қорғаулары өтті.
8D081 Өсімдік шаруашылығы кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінің №2, 3 хаттамалары негізінде Карабаев Куаныш Бакыткелдиновичке және Жандыбаев Оркен Серпинулына философия докторы (PhD) дәрежесін беру қаулы етілді.

.jpeg)
.jpeg)


.jpeg)
.jpeg)
