АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ: ЕУРОПА УНИВЕРСИТЕТТЕРІНЕ ОҚУҒА КОНКУРС
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шетел жоғары оқу орындарына (Еуропа-16 орын) оқуға жіберуге үміткерлердің кезекті конкурсы жарияланады.
Іріктеуге 2-3 курс студенттері (грант) қатыса алады. 5 жыл оқытылатын мамандықтар бойынша 3 курс студенттеріне де жол ашық.
Конкурсқа қатысу үшін білім алушылар міндетті түрде факультет деңгейінде тілдік мониторингтен өтуге міндетті. Тілдік мониторингтен өткен білім алушылар екінші қорытынды іріктеуден өтеді. Конкурстан өткен білім алушылар Халықаралық офиске (бас ғимарат, 36 кеңсе) 2026 жылдың 4 сәуіріне дейін міндетті түрде келесі құжаттарды өткізу керек:
1. Конкурсқа қатысу үшін өтініш
2. Транскрипт
3. Факультет және кафедрадан ұсыныс хат
4. IELTS, TOEFL сертификаттары (шетел тілін білу деңгейін бағалаудың халықаралық жүйелері арқылы алынған B2 деңгейінен төмен емес сертификат).
5. Университет қабырғасында алған грамоталар, сертификаттар, алғыс хаттар
Қосымша ақпарат алу үшін хабарласыңыз:
Бас ғимарат, 36 кеңсе
тел. 264-19-95
Досыбекова Гүлшат Әділғожақызы
Жетекші маман
+ 7 775 916 8385
gulshat.dosybekova@kaznaru.edu.kz
Назар аударғаныңыз үшін рахмет!
Халықаралық офис