ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

Екі дипломдық бағдарлама аясындағы академиялық ынтымақтастық жалғасуда

2025–2026 оқу жылының көктемгі семестрі бекітілген академиялық жоспарға сәйкес табысты басталып, білім беру үдерісі жоғары ұйымдастырушылық деңгейде жүзеге асырылуда. Сабақтар бекітілген кестеге сай жүйелі түрде өтіп, оқу сапасы тұрақты бақылауда.

Екі дипломдық білім беру бағдарламасы аясындағы халықаралық келісім негізінде Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру ұлттық зерттеу университеті профессор-оқытушылар құрамы университетімізде оқу сабақтарын жүргізуін жалғастыруда. Бағдарламаның сабақтастығын сақтап, академиялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында аталған университеттің бас кампусынан техника ғылымдарының докторы Норкулов Бехзод Эшмирзаевич  арнайы іссапармен келіп, білім алушыларға кәсіби бағыттағы пәндер бойынша сабақ өткізуде.

Академиялық әріптестік шеңберіндегі бұл жұмыс білім алушылардың теориялық даярлығын тереңдетіп қана қоймай, олардың болашақта білікті әрі бәсекеге қабілетті маман ретінде қалыптасуына берік негіз қалайды.

Екі дипломдық бағдарлама — бұл тек білім алу мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар халықаралық деңгейде кәсіби дамуға жол ашатын стратегиялық қадам.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник