KazNARU-да ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
2026 жылғы 24 ақпанда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті (KazNARU) қабырғасында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты жалпыұлттық коалициясы мүшелерімен мазмұнды кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында алдағы жалпыхалықтық референдумға шығарылатын Жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары мен басымдықтары кеңінен талқыланды. Коалиция өкілдері конституциялық өзгерістердің мәнін түсіндіріп, олардың ел дамуына ықпалы жөнінде пікір білдірді.
Кездесуде Республикалық коалиция мүшелері, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Сұлтанбек Мәкежанов, Дархан Қыдырәлі, Нурия Ниязова, сондай-ақ Алматы қаласы мәслихатының депутаттары Қарашаш Джузеева мен Елена Тё болды.
Жиынға университеттің Басқарма мүшесі, Басқарма Төрағасы – Ректордың бірінші орынбасары Ибрагимов Пірімқұл Шолпанқұлұлы, профессор-оқытушылар құрамы, декандар, қызметкерлер және студенттер белсенді қатысты.
Өз сөзінде Сенат депутаты Сұлтанбек Мәкежанов конституциялық реформаның тарихи маңызын атап өтіп, референдум – ел тағдырына тікелей әсер ететін маңызды саяси қадам екенін жеткізді. Ол әр азаматтың жауапты ұстанымы мемлекет болашағын айқындайтынын баса айтты.
Дархан Қыдырәлі жаңа редакциядағы Конституция жобасының әзірлену барысына тоқталып, құжаттың мемлекеттік тілде дайындалғанын ерекше атап өтті. Сонымен қатар білім беру, ғылымды дамыту, инновациялық бастамаларды қолдау және цифрлық ортадағы құқықтық кепілдіктерді күшейту бағыттары қамтылғанын айтты.
Сонымен қатар, кездесу барысында Сенат депутаты Нурия Ниязова Қазақстан халқы Ассамблеясының аясында өңірлерде атқарылған жұмыстарға тоқталды. Қазақстан халқы Ассамблеясы қалыптастырған этносаралық келісім мен ұлттық бірегейлік моделі бүгінде халықаралық деңгейде кеңінен танылып, тұрақсыздық үдей түскен кезеңде көптеген елдер үшін үлгі болды.
Кездесу барысында университет ұжымы мен студенттер тарапынан Жаңа Конституция жобасына қатысты нақты сұрақтар қойылып, депутаттар жан-жақты әрі мазмұнды жауаптар берді. Ашық форматтағы пікір алмасу жиынның маңызын арттырып, қатысушыларға өз ойларын еркін жеткізуге мүмкіндік берді.
Аталған жалпыұлттық коалиция мүшелері қазіргі таңда ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қоғаммен белсенді байланыс орнатуда. Негізгі мақсат – ашық диалог алаңын қалыптастырып, азаматтардың ел болашағына қатысты шешім қабылдауға саналы түрде қатысуына жағдай жасау.KazNARU Баспасөз қызметі


.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)


.jpeg)

.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)


.jpeg)