ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

KazNARU-да тұрақты даму және су ресурстарын басқару жөніндегі халықаралық форум өтеді

2026 жылғы 25–26 ақпанда Алматы қаласында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті базасында «Қаланың тұрақты дамуы: су ресурстарын басқарудың қиындықтары мен сценарийлері» тақырыбында жоғары деңгейдегі халықаралық форум өтеді.
Форумның ресми ашылуы: 2026 жылғы 25 ақпан, сағат 09:30.
 
Форум мемлекеттік органдардың, халықаралық сарапшылардың, ғылыми қоғамдастық пен салалық ұйымдардың өкілдерін су қауіпсіздігі және қалалық инфрақұрылымды тұрақты дамыту мәселелерін талқылау үшін біріктіреді. Іс-шара климаттың өзгеруі және урбанизация үдерісінің күшеюі жағдайында су ресурстарын басқару тиімділігін арттыруға бағытталған практикалық шешімдер әзірлеу алаңына айналады.
Қала басшылығының ашылу салтанатына қатысуы аталған тақырыптың Алматы үшін стратегиялық маңыздылығын айқындап, ғылым, мемлекеттік құрылымдар және кәсіби қоғамдастық арасындағы диалогты нығайтады.
Форумның екінші күні «Алматы қаласының су ресурстарын басқаруды дамыту сценарийлері» атты форсайт-сессия өтеді. Сессия болашақ шешімдерді модельдеуге және сараптамалық даму сценарийлерін әзірлеуге арналады. Практикалық жұмыс барысында қатысушылар мегаполистің су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған қолданбалы ұсынымдар қалыптастырады.
Форсайт-сессияға профильдік басқармалар, ведомстволық бағынысты ұйымдар, сондай-ақ су, коммуналдық шаруашылық, инфрақұрылым және экология салаларының мамандары шақырылады. Олардың кәсіби тәжірибесі қала үшін нақты әрі тиімді шешімдер әзірлеудің негізі болмақ.
Форумның негізгі баяндамашысы — тұрақты су ресурстарын басқару және қалалардың климаттық өзгерістерге бейімделуі саласындағы танымал халықаралық сарапшы, профессор Ali Torabi Haghighi. Ол су зерттеулері мен экологиялық тұрақтылық бағытындағы әлемдік көшбасшы саналатын финляндиялық ғылыми мектептің өкілі және гидрология саласында әлемдегі ең көп дәйексөзге ие ғалымдардың үздік 2 пайызының қатарында.
Форумды өткізу озық халықаралық тәжірибелерді таныстыруға, ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға және Алматы қаласының су саясатын дамытудың стратегиялық бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.
 
«Қазақстанның Су Серіктестігі» Қоғамдық қоры
Координатор: Яхияева К.К., ұялы тел.: +7 702 892 7616
Хатшы: Хайбуллина Ж.К., ұялы тел.: +7 701 520 05 80
e-mail: Kuralay.gwp@mail.ru
---------Chatbot---------
виртуальный помощник