ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

KazNARU ӘСКЕРИ КАФЕДРАСЫНДА АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті Әскери кафедрасында «Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің Ауғанстаннан шығарылуы: тарих, тағылым, тағзым» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға әскери кафедра басшылығы, офицер-оқытушылар, Ауған соғысы ардагерлері және студенттер қатысты.
Кездесу барысында Ауған жерінде әскери борышын өтеген ардагерлер өз қызмет жолдары туралы баяндады:
  • Полковник Жалилов Талгат Машурович – Бахарат провинциясы, Бадахшам қаласында рота командирінің орынбасары;
  • Полковник Абилкасымов Егемберді Дайрабекович – Панджир провинциясында снайпер;
  • Сержант Узакбаев Руслан Жураевич – Кабул қаласында КАМАЗ жүргізушісі.
Жиында тарихи шолу жасалып, соғыс жылдарының маңызы мен тағылымы кеңінен талқыланды. Ардагерлер майдан даласындағы естеліктерімен бөлісіп, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Мұндай кездесулер ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, жас буынға әскери борыш, патриотизм және бейбіт өмірдің қадірін терең түсінуге мүмкіндік береді.
Іс-шара соңында қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, естелік суретке түсіп, ардагерлерге шағын сыйлықтар табысталды.
Бейбітшілік — ең үлкен құндылық.
Ардагерлер ерлігі — мәңгілік тағзым.
#Тарих #Тағзым #ӘскериКафедра #АуғанСоғысы #Бейбітшілік
---------Chatbot---------
виртуальный помощник