KazNARU-да ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ
KazNARU-да жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және олардың жеке әрі қоғамдық қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған «Есірткі және нашақорлық бизнесіне қарсы күрес және алдын алу мәселелері» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өтті.
Кездесудің модераторы – Жастар ісі жөніндегі басқарманың әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі жетекші маманы Иманбеков Мақсат Мұқатайұлы өзінің кіріспе сөзінде іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында нашақорлықтың таралуының алдын алу, есірткі заттарының заңсыз айналымы мен пайдаланылуына байланысты құқық бұзушылықтардың салдары туралы білім алушылардың хабардарлығын арттыру екенін атап өтті. Сонымен қатар, «Заң және тәртіп» идеологиясы аясында студент жастар арасында жүргізілетін профилактикалық жұмыстың өзектілігіне тоқталды.
Іс-шара барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №1117 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі 2026–2028 жылдарға арналған кешенді жоспар» туралы ақпарат берілді.
Шараның спикерлердің бірі – «ӨМІРДІ ТАНДА» қоғамдық қорының өкілі Қабжанов Рашид Шахмуратұлы интерактивті дәріс форматында есірткіге тәуелділіктің зардаптары, оларды қолданудың медициналық, әлеуметтік және құқықтық салдары туралы кеңінен баяндады.
Келесі спикер – Алматы қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Көбеев Дәурен Асқарұлы есірткі құралдарын пайдалану және таратудың әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі туралы түсіндіріп, құқық бұзушылықтар, мәжбүрлеу фактілері немесе есірткі құралдарын заңсыз жарнамалау анықталған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгіну тәртібін нақтылап өтті. Кездесу барысында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды.
Жастар ісі жөніндегі басқарманың студенттік омбудсмені Күзен Назерке Бексейтқызы студенттерді өз ортасына жауапкершілікпен қарауға, теріс ықпалдан аулақ болуға, денсаулығын сақтауға және өзінің де, айналасындағы адамдардың да жеке шекараларын құрметтеуге шақырды. Сонымен қатар, өзара құрмет мәдениетін қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік желілердегі «Qurmet» республикалық ақпараттық науқанына қосылу мүмкіндігін еске салды.
Жастар ісі жөніндегі басқарманың бастығы Сманов Әшірәлі Жүсіпұлы кездесуді қорытындылай келе, студенттерге, оның ішінде шетелдік білім алушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтаудың және жеке азаматтық жауапкершіліктің маңыздылығын атап өтіп, салауатты жастар – елдің стратегиялық ресурсы әрі болашағы екеніне тоқталды.
KazNARU алдағы уақытта да құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, салауатты өмір салты құндылықтарын нығайтуға және студент жастар үшін қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды жүйелі түрде жалғастыра бермек.
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)


.jpeg)
.jpeg)