KazNARU-да АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІНЕ АРНАЛҒАН КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ОНЛАЙН КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
2026 жылдың 11 ақпанында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде Басқарма Төрағасы – Ректордың Бірінші орынбасары, в.ғ.д., профессор Ибрагимов Пірімқұл Шолпанқұлұлының басшылығымен «Мамандықты дұрыс таңдау – болашаққа бастар жол» атты кәсіби бағдар беру бағытындағы онлайн және офлайн форматта кездесу өтті.
Іс-шара барысында университеттің білім беру бағдарламалары мен заманауи мүмкіндіктері жан-жақты таныстырылды. Кездесуге Ақтөбе облысы білім басқармасының басшысы Күзембаева Бұлбұл Бисембайқызы бастаған, Ақтөбе облысының Білім басқармасы басшысының орынбасары Асхат Ізбасарұлы сөз сөйлеп,13 білім бөлімінің басшылары, 445 мектеп директорлары, 321 профориентологтар және 1284 сынып жетекшісі, жалпы саны 2063 өкіл онлайн форматта қатысты.
Сонымен қатар, жиынға KazNARU басқармасы, факультет декандары, профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылар атсалысты.
Ақтөбе облысындағы 445 мектепте биыл 11 112 түлек мектеп бітіреді. Алайда, қолайсыз ауа райына байланысты оқушылардың тікелей байланысқа шығу мүмкіндігі шектелгендіктен, кездесуге Білім басқармасының өкілдері, білім бөлімдерінің басшылары, мектеп директорлары мен сынып жетекшілері және профориентологтармен қатысып, маңызды ақпараттарды түлектерге жеткізуді қолға алды.
Ауқымды шараны Қабылдау комиссиясының директоры, э.ғ.к., профессор Қайырбаева Айнұр Елтайқызы ұйымдастырып, жүргізді.
Бұл кездесу болашақ талапкерлердің мамандық таңдау бағыт беріп, оқуға түсу науқанына дайындықты пысықтауға зор мүмкіндік береді.KazNARU Баспасөз қызметі
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
