ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

KazNARU-да «ВОЛОНТЕРЛЕР ЖЫЛЫ: ҚОҒАМҒА ҚЫЗМЕТ ПЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК» ТАҚЫРЫБЫНДА ВОРКШОП ӨТТІ

✅2026 жыл «Халықаралық волонтерлер жылы» аясында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде «Волонтерлер жылы: қоғамға қызмет пен жауапкершілік» тақырыбында мазмұнды воркшоп ұйымдастырылды. Іс-шара Алматы қаласы волонтерлер фронт-офисі мен “The First” волонтерлік ұйымының бірлесуімен өтті.

✅Воркшоптың негізгі мақсаты – волонтерлік қызметтің қоғамдағы маңызын ашу, азаматтық жауапкершілікті арттыру және жастарды әлеуметтік белсенділікке ынталандыру. Шара барысында волонтерліктің тек көмек көрсету ғана емес, қоғам дамуына үлес қосатын саналы таңдау екені атап өтілді.

✅Ресми ашылу бөлімінде сөз сөйлеген Алматы қаласы волонтерлер фронт-офисінің жетекшісі, “The First” волонтерлік ұйымының негізін қалаушы Нүрдәулет Қымбат Жәділқызы волонтерлік қозғалыстың қазіргі даму бағыттарына тоқталып, жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастырудағы рөліне ерекше назар аударды.

✅Сондай-ақ Алматы қаласы волонтерлер фронт-офисінің менеджері, “The First” волонтерлік ұйымының атқарушы директоры Оспанова Адем Асетқызы волонтерлік жобалардың әлеуметтік маңызы мен оларды іске асырудағы жауапкершілік туралы ой бөлісті.

✅Негізгі бөлімде қатысушылар ұсынылған жобаларды талқылап, волонтер болудың тәртіп, тұрақтылық және командамен жұмыс істеу секілді маңызды құндылықтарды қалыптастыратынын атап өтті.

✅Шара соңында волонтерлік қызметтің қоғам үшін маңыздылығы тағы бір мәрте айқындалып, 2026 жыл волонтерлер үшін жаңа мүмкіндіктер мен игі бастамаларға толы болатынына сенім білдірді.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник