ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

CABI DIGITAL LIBRARY ҒЫЛЫМИ-АҚПАРАТТЫҚ ДЕРЕКТЕР БАЗАСЫ KazNARU ОҚЫТУШЫЛАРЫ МЕН ҒАЛЫМДАРЫНА БІР АЙ ҚОЛДАНЫП КӨРУ МҮМКІНДІГІН ҰСЫНДЫ

CABI туралы: CAB International (CABI) – штаб-пәтері Ұлыбританияның Оксфорд қаласында орналасқан халықаралық агробиология орталығы. CABI ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы, биология және экология салаларында ғылыми зерттеулер жүргізеді.

CAB Abstracts – бұл 14 миллионнан астам ғылыми деректер бірлігін, 2,5 миллионнан астам толықмәтінді материалдарды, 8 мыңнан астам ғылыми журналды қамтитын ірі библиографиялық дерекқор болып табылатын ғылыми кітапхана. Олардың ішінде 1200-ден астам ғылыми журналдар толықмәтінді форматта қолжетімді. Сондай-ақ базаға ғылыми конференциялар материалдары, монографиялар және басқа да ғылыми деректер енгізілген.

CAB Abstracts электронды кітапханасы келесі негізгі ғылыми салаларды қамтиды: ауыл шаруашылығы, қоршаған орта, азық-түлік ғылымдары, адам денсаулығы, микология мен паразитология, тамақтану, өсімдік ғылымдары, ветеринария, экология, су ресурстары және басқа да көптеген туыстас бағыттар.

9 АҚПАННАН 9 НАУРЫЗҒА ДЕЙІН УНИВЕРСИТЕТ ҮШІН СЫНАҚ ТҮРІНДЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ БІР АЙҒА АШЫҚ БОЛАДЫ.

Кітапхана сілтемесі: CABI Digital Library - Home

Кітапхана каталогы 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник