ТАЛАПКЕРЛЕР ҮШІН КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ ӘЛІ ДЕ ЖАЛҒАСУДА
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің профессор-оқытушылар құрамы жастарға кәсіби бағдар беру бағытындағы жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруда. Осы аяда «Құқық» кафедрасының заң ғылымдарының кандидаты, доцент Абилкасымов Е.Д. «Әділет» колледжінің студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында студенттерге заң саласындағы мамандықтардың ерекшеліктері, осы бағыттағы кәсіби мүмкіндіктер, сондай-ақ Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде құқық саласы бойынша білімін жалғастыру жолдары туралы жан-жақты ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар кәсіби даму мен мансаптық өсу перспективалары кеңінен түсіндіріліп, бұл шара студенттердің болашақ мамандықты саналы түрде таңдауларына оң ықпал етті. Аталған кәсіби бағдар беру іс-шарасы колледж студенттеріне өздерінің болашақ кәсіби бағытын айқындауға мүмкіндік берді.
Сонымен қатар «Ветеринария және зооинженерия» факультетінің «Ветеринариялық санитария» кафедрасының аға оқытушысы Ергумарова М.О. Алматы облысы, Қарасай ауданы, Кемертоған орта мектебінің 11-сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді. Аталған мектепте 11-сыныпта барлығы 8 сынып оқып, бітіруші түлектер саны 156 оқушыны құрайды.
Жоғары сынып оқушыларына университеттің білім беру бағыттары, аграрлық саланың болашағы мен оның ел дамуындағы маңызы, сондай-ақ ғылыми-зерттеу қызметінің мүмкіндіктері туралы кеңінен мәлімет берілді. Бұдан бөлек, университеттің құрылымы, оқу-тәрбие үдерісі, білім беру бағдарламалары, студенттерге жасалатын әлеуметтік және академиялық жағдайлар, академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері, өндірістік тәжірибеден өту және түлектерді жұмыспен қамту мәселелері жан-жақты таныстырылды.
Аталған кәсіби бағдар беру іс-шаралары жастардың болашақ мамандықты дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беріп, олардың жоғары оқу орнына деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.
KazNARU Баспасөз қызметі





