📣Назарларыңызға қаңтар ҰБТ-сының аралық қорытындыларын ұсынамыз
Қаңтар ҰБТ-сы басталғалы бері 139 мың адам тест тапсырды.
Оның ішінде:
талапкерлердің 69%-ы шекті балл жинады;
орташа балл – 64 балл (бес пән бойынша);
ең жоғары балл – 138 балл;
ерекше білім беру қажеттілігі бар 328 талапкер қатысты.
Ереже бұзғаны үшін 244 адамның нәтижесі жойылды. Атап өтсек:
тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 152 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды;
тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 92 адам шығарылды;
бөгде тұлғалар анықталған жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, қаңтар ҰБТ-сы 10 ақпанға дейін өтеді.
