HULT PRIZE KazNARU: АЛМАТЫДА ЖАС КӘСІПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН СТАРТАП-БАЙҚАУДЫҢ ФИНАЛЫ ӨТТІ.

HULT PRIZE KazNARU: АЛМАТЫДА ЖАС КӘСІПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН СТАРТАП-БАЙҚАУДЫҢ ФИНАЛЫ ӨТТІ.

✅Алматы, 2026 жылғы 29 қаңтар — Алматы қаласындағы MOST IT HUB инновациялық кеңістігінде жастар арасында әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған әлемдегі ең ірі халықаралық бағдарламалардың бірі — Hult Prize аясындағы Hult Prize Location Competition KazNARU байқауының финалдық кезеңі өтті.

✅Аталған іс-шара болашағынан үміт күттіретін стартап-командаларды, инвесторларды, сала сарапшыларын, бизнес-қоғамдастық өкілдерін және Hult Prize бағдарламасының халықаралық үйлестірушілерін бір алаңға тоғыстырды. Қатысушылар әлеуметтік, экологиялық және экономикалық өзекті мәселелерді шешуге бағытталған инновациялық жобаларын ұсынды.

✅Іс-шараның салтанатты ашылуына MOST IT HUB директоры Диас Қожетаев, Қазақстандағы Hult Prize ұлттық үйлестірушісі Майя Суюнчалиева, сондай-ақ бағдарламаның халықаралық өкілдері — Орталық және Оңтүстік Азия бойынша Hult Prize аймақтық үйлестірушісі Суприя Джангре және Hult Prize Foundation қорының өкілі Джоана Баселар Виржи қатысты.

✅Қазылар алқасының құрамына инвестиция, кәсіпкерлік және инновация саласындағы жетекші сарапшылар енді. Олардың қатарында Activat VC, Astana Hub, MOST, Narxoz University ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ халықаралық менторлар мен стартап-жобалар бойынша кеңесшілер болды:

  • Лензат Ануар Төлеубекұлы — Investor Relations Manager, Activat VC
  • Саид Максимов — коммуникациялар жөніндегі тренер
  • Татьяна Павловна Хасанова — Center AT компаниясының CEO-сы, Astana Hub және MOST бағдарламаларының трекері
  • Брендан Дюпре — Sustainable Kazakhstan Research Institute негізін қалаушы және директоры (доцент), Narxoz University
  • Нельсон Изах — стартап-жобалар бойынша сарапшы және кеңесші
  • Динара Бабич — MOST бизнес-инкубаторының білім беру және акселерациялық бағдарламаларының жетекшісі

✅Байқауға еліміздің әртүрлі жоғары оқу орындарының студенттерімен қатар, Шоқан Уәлиханов атындағы жекеменшік мектептің оқушылары да қатысты. Жалпы саны офлайн форматта 9 стартап-жоба, онлайн форматта 11 жоба ұсынылып, экология, білім беру, көлік, жасыл логистика, жол қозғалысы қауіпсіздігі, әлеуметтік және аграрлық технологиялар салаларындағы тың шешімдер таныстырылды.

✅Қазылар алқасының мүшелері командалармен белсенді түрде пікір алмасып, мазмұнды сұрақтар қойып, жобаларды одан әрі дамытуға қатысты кәсіби ұсынымдар берді.

Байқау қорытындысы бойынша келесі командалар ең перспективалы деп танылды:

  1. Carbon Fund (Демир Фатима — Ш. Уәлиханов атындағы жеке мектеп)
  2. Find a Roommates (Сайлаубай Айша, Рахимбек Алима — SDU)
  3. Steppe Eagles (Бүркіт Тамерлан, Уразалинов Адиль — ҚазҰАЗУ)

✅Demo Day аясында командалар өз бизнес-шешімдерін таныстырып, нәтижесінде жеңімпаздар анықталып, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды. Іс-шара жастар стартаптарын ұлттық және халықаралық деңгейде ілгерілетуге, инвестиция тартуға және кәсіби нетворкингті дамытуға арналған маңызды алаңға айналды.

✅Hult Prize — әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған тұрақты бизнес-шешімдерді дамытуда жас кәсіпкерлерді қолдайтын жаһандық бастама. Бағдарлама жыл сайын әлем бойынша мыңдаған студенттерді қамтиды.

✅Іс-шара соңында Demo Day ұйымдастырушысы, Hult Prize KazNARU кампус-директоры Кунтуган А. Hult Prize бағдарламасына қатысудың келесі кезеңдері туралы кеңінен айтып, командаларды халықаралық стартап-жоба аясында жұмысты жалғастыруға шақырды. Сондай-ақ ол жаһандық деңгейге шығу, менторлық және инвестициялық қолдауға қол жеткізу мүмкіндіктерін атап өтті.

Күні: 2026 жылғы 29 қаңтар
Уақыты: 13:00–17:00
Өтетін орны: MOST IT HUB, Алматы қаласы,
Ходжанов көшесі, 2/2

---------Chatbot---------
виртуальный помощник