KazNARU-да ҚАНТ ДИАБЕТІНІҢ АЛДЫН АЛУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ТЕГІН СКРИНИНГ ӨТТІ
2026 жылдың 30 қаңтарында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлердің денсаулығын нығайту мақсатында маңызды профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды. «ҚР Диабеттік Ассоциациясының» қолдауымен университет қызметкерлері арасында таңғы 08:00-ден 10:00-ге дейін қант диабетін ерте анықтауға арналған тегін скрининг өткізілді.
✅Іс-шара барысында:
• қандағы қант мөлшері өлшеніп, диабет пен диабеталды жағдайды анықтау;
• қажет болған жағдайда артериялық қан қысымын өлшеу;
• электрокардиограмма (ЭКГ) түсіру мүмкіндігі қарастырылды.
✅ Скринингке 35 жастан асқан барлық тілек білдірушілер қатыса алды.
✅Айта кету керек, аталған күні 100-ден астам университет қызметкері медициналық скринингтен өтіп, өз денсаулығының жай-күйі туралы маңызды ақпарат алды. Қатысушылар қант диабетін алдын ала анықтауға мүмкіндік берген осындай пайдалы және дер кезінде ұйымдастырылған іс-шара үшін университет басшылығына және «ҚР Диабеттік Ассоциациясына» шынайы ризашылықтарын білдірді.
✅Қант диабетін ерте кезеңде анықтау – оның ауыр асқынуларының алдын алудың ең тиімді жолдарының бірі екені белгілі. Мұндай профилактикалық тексерулер қызметкерлердің өз денсаулығына деген жауапкершілігін арттырып қана қоймай, салауатты өмір салтын қалыптастыруға да зор ықпал етеді.
✅Әлеуметтік маңызы жоғары, денсаулықты қорғауға бағытталған осындай бастамалар KazNARU ұжымы үшін ерекше құндылыққа ие. Университет алдағы уақытта да профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлердің әл-ауқатын арттыруға, денсаулық мәдениетін нығайтуға бағытталған іс-шараларды жүйелі түрде жалғастыра бермек.
KazNARU Баспасөз қызметі



