2025–2026 оқу жылының көктемгі семестрі сәтті басталды
2025–2026 оқу жылының көктемгі семестрі білім беру үдерісі жоспарға сәйкес жоғары деңгейде ұйымдастырылып, сәтті бастау алды.
Екі дипломдық білім беру бағдарламасы бойынша жасалған КЕЛІСІМ негізінде Өзбекстан Республикасының «Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру» Ұлттық зерттеу университетінен келген білікті профессор-оқытушылар құрамы қазіргі уақытта студенттерге дәріс және тәжірибелік сабақтарын өткізуде.
Өткізіліп жатқан дәрістер мен практикалық сабақтар студенттердің кәсіби біліктілігін арттырып, халықаралық тәжірибемен танысуына, сондай-ақ заманауи білім мен практикалық дағдыларды меңгеруіне кең мүмкіндік береді.
Бұл оқу үдерісі білім алушылардың теориялық дайындығын нығайтып, олардың болашақ маман ретінде қалыптасуына оң ықпал етеді.


