ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ – БОЛАШАҚҚА ЖАСАЛҒАН ДҰРЫС ҚАДАМ!

✅Қазіргі заманда мамандықты дұрыс таңдау – жас ұрпақтың табысты болашағының кепілі. Сондықтан кәсіби бағдар беру жұмысы оқушыларға өз қабілетін анықтап, қызығушылығына сай жол табуға көмектесетін маңызды үдеріс болып табылады.

✅Кәсіби бағдардың негізгі мақсаты:

• оқушылардың жеке қабілеттерін анықтау;

• еңбек нарығындағы өзгерістермен таныстыру;

• түрлі мамандықтардың қыр-сырын түсіндіру;

• саналы, өзіне сенімді таңдау жасауға бағыт беру.

✅Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Инженерлік технологиялар факультетінің деканы Ләззат Алдибаева, ассистенттер Дат Сәрсенбекұлы, Асқар Елеушинов және белсенді студенттер Алматы қаласы 172 мектеп гимназиясының 170 мектеп түлектерімен кездесу өткізіп, Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) талаптары, мамандық таңдаудың жауапкершілігі мен ҚазҰАЗУ-дың ұсынатын білім беру мүмкіндіктері жайлы жан-жақты ақпарат берілді.

✅ Кездесудің мақсаты – талапкерлерге университеттегі барлық бағыттағы білім беру бағдарламалары, заманауи зертханалар, халықаралық серіктестік жобалар мен стипендиялық қолдаулар туралы нақты түсінік қалыптастыру. Бұл түлектердің өз болашағын саналы әрі сенімді таңдауға жол ашады.

✅Бұл жұмыс жастардың болашағын саналы жоспарлауға, дұрыс таңдау жасауына зор септігін тигізеді.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник