KAZNARU СТУДЕНТІ ҚАНЖЫҒАМЫЗҒА II ОРЫНДЫ БАЙЛАДЫ!
2025 жылдың 3 желтоқсанында күні Абай атындағы ҚазҰПУ-да Ербол Сыпатаевтың құрметіне қазақ күресінен тартысты турнир өтті. Бұл жарыста "Орман шаруашылығы және жер ресурстары" факультетінің білім алушысы, батырлық пен төзімділіктің үлгісі Төлепберген Сұлтан +100 кг салмақта II орынға ие болып, өз шеберлігін дәлелдеді.
Жеңіс – әрқашан еңбек пен табандылықтың нәтижесі. Сұлтан, студенттік кездеріңдегі алғашқы жеңісің құтты болсын! Бұл тек бастама ғана. Алда саған жаңа шыңдар, жаңа жеңістер мен табыстар күтіп тұр.
Жаттықтырушы Нокишев Мураттың тәлімін алып, Сұлтан күресте, әрі спортта ғана емес, өмірде де үлкен биіктерге жететіндігіне сенім мол! Тек алға!

