ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

KazNARU СТУДЕНТІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «МАНАС» ТУРНИРІНДЕ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН ИЕЛЕНДІ

✅Қырғызстан Республикасының астанасы – Бішкек қаласында дәстүрлі XXV Манас атындағы халықаралық турнир жоғары деңгейде өтті. Бұл дода бауырлас елдер арасындағы достықты нығайтып, жас спортшылардың тәжірибе алмасуына және шеберліктерін шыңдауға үлкен мүмкіндік берді.

✅ Турнирге түрлі елдерден келген мықты балуандар мен спортшылар қатысып, жоғары дайындықтары мен кәсіби шеберліктерін көрсетті.

✅Қазақстан құрамасы да жарыста белсенділік танытып, лайықты нәтижелерге қол жеткізді. Біздің спортшылар ел намысын абыроймен қорғады.

✅ Осы халықаралық додаға Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Инженерлік технологиялар факультеті, «Аграрлық техника және технологиялар» білім беру бағдарламасының 2-курс студенті – Мұратқажы Бексұлтан қатысып, үздік өнер көрсетіп, жүлделі III орынға ие болды! 

✅ Бұл тек жеке спорттық жетістік емес, сонымен бірге факультетіміз бен университетіміздің мәртебесін асқақтатқан қуанышты жаңалық. Бексұлтанның табандылығы мен еңбекқорлығы жас спортшыларға үлгі.

✅Бексұлтанды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда тек биік белестерді бағындырсын! 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник