ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

№5 «Жалын» жатақханасындағы студенттердің әлеуметтік жағдайымен танысу

Зооинженерия және биотехнология кафедрасының оқытушылары студенттердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын бақылау және олардың оқу үдерісіне қатысты мәлелелер бойынша 26.11.2025 жылы №5 «Жалын» жатақханасына барып қайтты.

Оқытушылар студенттермен әңгімелесу жүргізіп, оқу үдерісіне қатысты мәселелер талқыланды. Олардың бос уақытты тиімді ұйымдастыруға байланысты пікірлері мен ұсыныстарын тыңдады.

Студенттік кеңес төрайымымен, қабат старосталарымен және белсенді студенттермен кездесуде жатақхана өміріндегі ұйымдастырушылық мәселелер, тәртіп пен қауіпсіздік талаптары, сондай-ақ алдағы уақытта өткізілетін тәрбиелік және мәдени іс-шаралар талқыланды.

Жалпы нәтижесі бойынша кафедра оқытушылары студенттердің жатақханадағы әлеуметтік жағдайымен танысып қайтты. Сонымен бірге жатақхана меңгерушісі А. Тлепбаевамен бірлесе отырып, белсенді студенттерге арналған шағын дастархан ұйымдастырылып, ыстық бауырсақ пен тағамдар ұсынылып, достық атмосферада көңілді отырыс өтті.

Авторлар: Орақбаева А., Сағымбек Ф.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник