12 маусымда 8D091 Ветеринария даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде қорғау өтті
2025 жылғы 12 маусымда сағат 16:30-де Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D091 Ветеринария (6D120100–Ветеринариялық медицина, 6D120200–Ветеринариялық санитария мамандықтары; 8D09101–Ветеринариялық медицина; 8D09102–Ветеринариялық санитария білім беру бағдарламалары) кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде Базарбаев Рыскелди Кантореевичтің «Құстың жұқпалы бронхиті және Ньюкасл ауруына қарсы поливалентті инактивтелген вакцина дайындауға қолданылатын вирустар штамдарының сипаттамасы» тақырыбында 6D120100 – «Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертациялық жұмысының қорғауы өтті.
8D091 Ветеринария кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінің № 4 хаттамасы негізінде Базарбаев Рыскелди Кантореевичке философия докторы (PhD) дәрежесін беру қаулы етілді.