KazNARU өміріндегі үлкен тарихи күн
2025 жылдың 30 сәуірінде Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Алматы облысы, Талғар ауданы, «Байбұлақ» ауылында орналасқан «Агроуниверситет» оқу-тәжірибелік шаруашылығындағы жаңа Студенттік жатақхананың ашылу салтанатында сөз сөйлеген ардагер ұстаз, профессор Тастанбек Атақұлов бұл күнді осылай деп бағалады.
«Мен өзім осы университететің «агрономия» факультетінің 1972 жылғы түлегімін. Оқу бітіргелі алпыс жылдан аса ғұмырымды осы қара шаңырақта шәкірт тәрбиелеуге арнап келемін. Бүгін бәріміз үшін, ең бастысы – білім алушыларымыз үшін керемет, есте қаларлық тарихи күн! Мұндай жаңа үлгідегі замануи жатақхана соңғы 30 жылда алғаш рет бой көтеріп отыр! Өзіміздің қара шаңырақтағы осындай игі бастаманы жүзеге асырған университет басшылығына Ардагерлер қауымдастығы мен профессор-оқытушылар құрамы және барша білім алушылар атынан зор алғысымызды білдіреміз», - деді ардагер профессор Тастанбек Атақұлұлы.
KazNARU Басқарма Төрағасы-Ректоры, академик Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы өз сөзінде осыдан екі жыл бұрын университет студенттерімен кездескенде – «Байбұлақ» ауылындағы жатақхананың санитарлық-тұрмыстық жағдайы сын көтермейтінін, әбден тозғанын, практикаға барғанда адам төзгісіз жағдайда тұрып жүргендерін, тіпті асхана, жуынатын жердің жоқтығын айтып шағынғанын еске алды.
«Осындай жылдар бойы орын алған жүйелік келеңсіздіктерді жою үшін университет басшылығы соңғы екі жыл ішінде ауқымды шаруалар атқарды. Мына студенттік жатақхананы жаңғырту бізге оңай болған жоқ. Себебі, бұл оқу-өндірістік шаруашылықтың көлемді жерлері, оның ішінде, осы жатақхана орналасқан жер университет балансынан шығарылған. Оқу орнымыздың басшылығы, әсіресе проректор Қуат Сұлтанғазиев пен заңгерлеріміздің қажырлы еңбегінің арқасында бұл активтер университетке қайтарылып, оқу ордасына тиесілі барлық жерге «мемлекеттік актілер» алынды. Содан кейін ғана жатақхананы жаңғыртуға кірістік. Оның нәтижесін міне, өздеріңіз көріп отырсыздар. Жаңа жатақханамыз құтты болсын! Студенттеріміздің теориялық білімдері мен шеберлігін ұштастыратын нағыз тәжірибе алаңы атансын!» - деді Ақылбек Қажығұлұлы.
АБАЙ.кз ақпараттық порталы
02.05.2025 ж.
https://abai.kz/post/198342