ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНАН СҮЙІНШІ ХАБАР
2025 жылдың 29-30 сәуір аралығында Торайғыров университетінде өткегн В076- «Стандарттау, сертификаттау және метрология» БББ бойынша білім алушылар арасындағы ХVII Республикалық пәндік олимпиадада Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің студенттері сәтті жетістік көрсетті.
Олимпиадаға еліміздің әр аймағынан жиналған 7 топтың арасында KazNARU «Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасының 6В05701 – «Стандарттау және сертификаттау» БББ бойынша оқитын 3-курс студенттері Аружан Орман жүлделі ІІ орыннан көрініп Дипломмен, ал Камила Камалбек Алғыс хатпен марапатталды.
Сондай-ақ, студенттердің ғылыми жетекшісі, аға оқытушы Исматуллаев Саттар Лесханұлы да ұйымдастырушылар тарапынан Алғыс хақа ие болды.
Осындай ғылыми деңгейі жоғары республикалық білім алушылар сайысында өздерін жақсы кәсіби бағытта көрсетіп, университет абыройын асқақтатқан студенттеріміз бен ұстазын шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздердің ғылыми ізденіс жолындағы игі жетістіктеріңіз барша білім алушыларға үлкен үлгі-өнеге.
KazNARU Баспасөз қызметі