KazNARU

МАШИНА ЖАСАУ МАМАНДЫҒЫН УНИВЕРСИТЕТТЕ МЕҢГЕРГЕН ЖАС ТАЛАНТТАР ТОП ЖАРДЫ

✅ 2025 жылдың 24-25 сәуір аралығында Шымкент қаласында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде өткен ХVII Республикалық пәндік олимпиаданың ІІ кезеңінде В064 – «Механика және металл өңдеу» БББ тобындағы «Машина жасау» бойынша KazNARU студенттері Нұртілек Аспан, Ерасыл Амангелдинов жүлделі 3-ші орыннан көрінді.

✅ Республикалық пәндік олимпиадаға Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, С.Торайғыров атындағы Павлодар университеті, Шәкәрім атындағы Семей университеті, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің таңдаулы студенттері қатысты.

✅ Олимпиада қазақ, орыс тілдерінде «Машина жасау өндірісінің технологиялық процестері», «Машина бөлшектері және конструкциялау негіздері» пәндері бойынша екі кезеңде өткізілді: бірінші айналымда – екі пән бойынша 40 тестің, екінші айналымда – практикалық дағдыларды, терең ғылыми талдауды талап ететін 4 ситуациялық тапсырманы шешу.

✅ Ситуациялық тапсырмаларды шешу кезеңінде студенттердің тапқырлығы, шығармашылық ойлау қабілеті мен сыни тұрғыдан талдау жасау машықтары әділ қазылар алқасы тарапынан жан-жақты әрі әділ бағаланды.

✅ IIІ дәрежелі Диплом және Алғыс хатпен марапатталған Нұртілек Аспан мен Ерасыл Амангельдинов – «Аграрлық техника жән машина жасау» кафедрасының жанындағы «Технолог-конструктор» ғылыми үйірмесінің мүшелері, ғылыми-зерттеу бағытында жүйелі түрде жұмыс жүргізіп жүрген ізденімпаз жастар.

✅ Университетіміздің Басқарма төрағасы - Ректоры, академик Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлына, студенттердің ғылыми жетекшісі – «Аграрлық техника және машина жасау» кафедрасының аға оқытушысы Сапарбаев Ержігіт Тәжібекұлына пәндік олимпиаданы ұйымдастырушылар тарапынан Алғыс хат берілді.

✅ Жеңімпаз студенттер мен жетекшісін жемісті белестерімен құттықтаймыз және алдағы уақытта да шығармашылық табыстар тілейміз!

KazNARU Баспасөз қызметі.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник