Ветеринария-24-18 тобы Горельник шатқалында
2025 жылдың 11 сәуірінде Ветеринария-24-18 тобының студенттері Алматы маңындағы әсем табиғат аясында орналасқан Горельник шатқалына экскурсия жасады. Бұл сапар студенттерге таза ауада демалып, табиғатпен етене жақын болуға, командамен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға керемет мүмкіндік берді.
Серуен барысында студенттер жергілікті флора мен фаунаны бақылап, болашақ мамандықтарына қатысты тәжірибе жинақтады. Осындай іс-шаралар тек білім беру процесін байытып қана қоймай, сонымен қатар студенттердің бойында табиғатты сүю мен қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау қасиеттерін қалыптастырады.