KazNARU

Латын тіліне арналған қос шара — есте қаларлық күн!

Латын тіліне арналған қос шара — есте қаларлық күн!
Университет қабырғасында бір мезетте екі ерекше оқиға өтті: танымдық сабақ «Сан ғасырды сөйлеткен тіл» және зияткерлік викторина Lingua Latina Vivet. Шаралар 2025 жылдың 15-17 сәуірі аралығында ұйымдастырылды.

Ежелгі тілдің заманауи тынысы сезілген бұл күндерде студенттер латын сөздерінің терең мағынасын ашып, мақал-мәтелдермен жұмыс жасап, сөйлемдерді аударды, терминдер талдап, күрделі грамматикалық тапсырмаларды шешті.

Ал викторинада олар интеллектуалды жарысқа түсіп, латынша ребустар шешіп, анатомиялық кроссвордтарды толтырып, командалық рух пен тапқырлықтарын көрсетті.

Жүргізушілер шараны шынайы римдік шоуға айналдыра білді.

ЖЕҢІМПАЗДАР:
1 ағын:
1 орын – Вет-24-01
2 орын – Вет-24-02
3 орын – Вет-24-06
2 ағын:
1 орын – 24-10
2 орын – 24-08, 24-09
3 орын – 24-12
3 ағын:
1 орын – Вет-24-15
2 орын – Вет-17
3 орын – Вет-16, Вет-14

Латын тілі — тек тарих емес, ол — ғылымның, мәдениеттің және болашақтың тілі.


 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник