KazNARU

Наурыз мерекесі ұлттық рухта аталып өтті

Наурыз мерекесі аясында «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасы «Алаш» атты ауыл ұйымдастырып, ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптейтін тағылымды шара өткізді. Дастархан жайылып, «Тұсау кесу» рәсімі орындалды. Шараға қатысушылардың барлығы ұлттық киімде болып, қазақ халқының бай мәдениетін паш етті.

Іс-шара соңында кафедра ұжымына ректордың алғыс хаты мен шахмат тақтасы табысталды. Бұл — бірлікті көрсеткен ұжым еңбегінің нәтижесі.

Сонымен қатар, кафедра оқытушысы Актамбердиева Зауре Салкеевна «Ең үздік ұлттық киім» номинациясын жеңіп алды. Бұл марапат — ұлттық құндылықтарды ұлықтауға қосқан үлесінің айғағы.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник