KazNARU

KazNARU СТУДЕНТТЕРІМЕН «ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

✅ ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің белгілеген жоспары аясында Алматы қаласы Экономикалық тергеу департаментінің өкілдері Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің білім алушылары үшін ақпараттық-түсіндірме жұмысын өткізді.

✅ Спикерлер – Экономикалық тергеу департаментінің аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі, майор Рауан Аслаханов, Экономикалық тергеу департаментінің аға тергеушісі, подполковник Тимур Әзімбаев студент жастардың құқықтық санасын көтеру, қаржылық сауаттылығын арттыру және қоғамдағы алаяқтық көріністердің алдын алу мәселелеріне назар аударуы қажет екендігіне кеңінен тоқталды.

Олар өз сөздерінде отандық құқық қорғау жүйесіндегі кейінгі жылдардағы реформалаудың бағыттарын, қоғамдағы алаяқтыққа қарсы күресті күшейтудегі халықаралық тәжірибелерден нақты мысалдар келтіріре отырып, қызықты әңгіме өрбітті.

✅ Жиынға қатысқан студенттер де өздерінің тарапынан түрлі сұрақтар қойып, нақты жауаптар алды. Мысалы, «Дроптар» деген кім? Қаржылық аферлардың құрбаны болмаудың жолдары. Заңсыз қаржылық операцияларға қатысудың жауапкершілігі қандай екендігі түсіндірілді.

✅ Кездесу соңында жиын модераторы, Университеттің Әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі жетекші маман Мақсат Иманбеков пен Студенттік омбудсмен Назерке Күзен студент жастармен әсерлі әңгіме өткізгендері үшін қонақтарға алғыс білдірді.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник