Ануаpбек Салтанат Базарбайқызы — агрономия, ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясы және тұқым шаруашылығы саласында кәсіби білімі мен тәжірибесі бар маман.
2018–2022 жылдары Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде «Агрономия» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алды. 2023–2024 жылдары аталған университетте «Ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясы және тұқым шаруашылығы» мамандығы бойынша магистратурада білім алып, кәсіби білімін тереңдетті.
Еңбек жолын «Іле-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде зертханалық бағытта бастап, кейін Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. Еңбек тәжірибесі барысында зертханалық жұмыстарды орындау, құжаттармен жұмыс жүргізу, зерттеу материалдарын өңдеу және ауыл шаруашылығы дақылдарына қатысты кәсіби міндеттерді орындау бағыттарында тәжірибе жинақтады.
Агрономия, селекция және тұқым шаруашылығы салаларында теориялық және практикалық білімі бар. Сонымен қатар өсімдіктер генетикасы, заманауи селекция әдістері және ауыл шаруашылығындағы жаңа технологиялар бағыттарына қызығушылық танытады.
Кәсіби мақсатым — жинақтаған білімім мен тәжірибемді пайдалана отырып, заманауи әрі тұрақты ұйымның дамуына үлес қосу, жаңа бағыттарды меңгеру және кәсіби тұрғыдан одан әрі өсу.
Бакалавриат
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
Мамандығы: 6В08101 – «Агрономия»
Біліктілігі: Агроном
Бітірген жылы: 2018 ж.
Магистратура
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
Мамандығы: 7М08112 – «Ауылшаруашылығы дақылдарының селекциясы және тұқым шаруашылығы»
Біліктілігі: Селекционер
Бітірген жылы: 2024 ж.