Тасиева Айнур Ауелбековна 1984 жылы туған, ұлты – қазақ. 2002-2007 жылдары Қазақ Ұлттық аграрлық университетін «Еңбек және өміртіршілік қауіпсіздігі» мамандығы бойынша тәмамдаған. Университетті аяқтаған соң 2007 жылдың қыркүйегінде ҚР ТЖМ-іне қарасты Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдай саласындағы басшы құрамның біліктілігін арттыру республикалық курсына оқытушы болып жұмысқа қабылданды. 2008-2010жж. Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің «Еңбек және өміртіршілік қауіпсіздігі» бойынша техника ғылымдарының магистрі дәрежесін алды. ҚР ТЖМ-іне қарасты Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдай саласындағы басшы құрамның біліктілігін арттыру республикалық курсы – «Азаматтық қорғау саласындағы Ұлттық ғылыми зерттеулер, оқыту және даярлау орталығы» болып ауыстырылып, аталған орталықта 2013 жылы аға оқытушы, 2015 жылдан 2025 жылдың шілдесіне дейін Оқыту және даярлау бөлімінің бастығы қызметін атқарды. 2025 жылдың қыркүйегінен Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Аграрлық техника және машина жасау» кафедрасының аға оқытушысы болып жұмысқа қабылданды.
Кәсіби қызметі барысында «ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне 20 жыл» мерекелік медалімен, №299, 09.10.2015ж., «ҚР ІІМ Қазақстан полициясына 25 жыл» мерейтойлық медалімен, №79, 21.06.2017ж., ҚР ТЖМ «Азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгімен, № 578, 10.10.2022ж. және 10-нан аса ҚР ТЖМ Алғыс хаттары және грамоталарымен, 2014, 2015, 2016 жылдары «ХБРЯ (химиялық, биологиялық, радиологиялық және ядролық) оқиғаларына бірінші кезекте әрекет ету қызметтерінің нұсқаушыларына арналған ХБРЯ апаттарының алдын алу бойынша халықаралық курстар.» сертификаттарымен марапатталды.
Кәсіби қызметі барысында білікті оқытушы, тәжірибелі әрі жауапты ұйымдастырушы ретінде танылды. Оның азаматтық қорғау саласындағы көпжылдық еңбегі, әсіресе Төтенше жағдайлар министрлігі жүйесіндегі орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшы құрамын оқыту мен даярлаудағы үлесі ерекше.
Ол мемлекеттік қызметшілер мен басшыларға арналған оқу бағдарламаларын әзірлеуде жоғары кәсібилік танытып, теориялық білімді практикалық дағдылармен ұштастыра білді. Кәсіби деңгейін арттыру бағытында ұдайы жұмыс істей отырып, қауіпсіздік саласында үшін жоғары білікті кадрлар даярлауға белсенді қатысады.
Өзінің ұстамдылығымен, терең білімімен және іске деген адалдығымен әріптестері арасында үлкен құрметке ие, ал білім алушылар мен тыңдаушылар арасында беделі өте жоғары. Мемлекеттік басқару органдарының басшыларын ТЖ кезіндегі іс-қимылдарға даярлаудағы әдістемелік шеберлігі оның салалық сарапшы ретіндегі жоғары деңгейін айғақтайды.
1. Оқу орны: Қазақ ұлттық аграрлық университеті
Мамандығы: Еңбек және өміртіршілік қауіпсіздігі
Бітірген жылы: 2007
Біліктілігі: инженер
2. Оқу орны: Қазақ ұлттық аграрлық университеті
Мамандығы: Еңбек және өміртіршілік қауіпсіздігі
Бітірген жылы: 2010
Біліктілігі: техника ғылымдарының магистрі
Бакалавриат:
• Тіршілік қауіпсіздігі негіздері
• Өрт қауіпсізідігі
• Техносферадағы қауіпсізідік
• Тіршілік қауіпсіздігі негіздері
• Өрт қауіпсізідігі
• Техносферадағы қауіпсізідік
• Өндірістік санитария және еңбек гигиенасы
Магистратура:
• Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудағы инженерлік есептеулер
• Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудағы инженерлік есептеулер
•Төтенше жағдайларды модельдеу және болжау
•Техносфераны қорғаудың техникасы мен технологиясы
•Тіршілік қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғаудағы ғылыми зерттеулердің әдістемесі
Соңғы 5 жылдағы біліктілікті арттыру
1. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудағы инженерлік есептеулер, «Парасат» республикалық оқу орталығы, 2025.
2. Еңбекті қорғау«Парасат» республикалық оқу орталығы, 2025
3. Авриялық-құтқару жұмыстары, «Парасат» республикалық оқу орталығы, 2025
4. Педагогическое мастерство в условиях трансформации, КазНАИУ, 2026
5. Өрт қауіпсіздігі, «Парасат» республикалық оқу орталығы, 2025
6. Техносферадағы қауіпсіздік, «Парасат» республикалық оқу орталығы, 2025
7. Төтенше жағдайларды модельдеу және болжау, «Парасат» республикалық оқу орталығы, 2025
8. Табиғи апаттар және олардың зардаптарымен күресу, «Парасат» республикалық оқу орталығы, 2025
9. Жасанды интеллект негіздері, 2026