Курбаналиев Болат Булдурукович 1966 жылы туған, ұлты – қазақ. 1991 жылы Қазақ ауылшаруашылық институтын «1516-Ауыл шаруашылы» мамандығы бойынша тәмамдаған, біліктілігі - ауылшаруашылық пәндерінің инженер-мұғалімі. Институт бітіргеннен кейін бірден «Арнайы пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасына ассистент ретінде қабылданды, осы кафедраның аға оқытушысы болып қызмет атқарды. 1992-1994 жылдары Ауылшаруашылық институтының жастар ісі жөніндегі комитет төрағасының орынбасары қызметін атқарды. Қазақ ұлттық аграрлық университетінің оқу-әдістеме департаментінің білікті маманы болып, кейін университеттің қабылдау комиссиясында жұмыс жасады. 2020 жылдан бастап И.В. Сахаров атындағы «Көлік техникасы және техологиялар» кафедрасында аға оқытушысы болып жұмыс істеді, ал 2025 жылғы 1 қыркүйеттен бастап «Аграрлық техника және машина жасау» кафедрасында аға оқытушысы қызметін атқарады.
Кәсіби қызметі барысында «Машина пайдалану», «Орман шаруашылығы жұмыстарын механикаландыру», «Мал шаруашылығын механикаландыру және автоматтандыру», «Машина жөндеу және сенімділігі» және басқа да бейіндік пәндер бойынша дәрістік, зертханалық-тәжірибелік сабақтарды жоғары деңгейде жүргізді.
Б.Курбаналиев Инженерлік технологиялар факультетінің академиялық комитеттің мүшесі. «Кәсіптік оқыту», «Көліктік техникасы және технологиялар» білім беру бағдарламаларын жасауда жаупты болған, қазіргі уақытта «Технологиялық инжиниринг» инновациялық білім бер бағдарламасын жасауда.
Көп жылғы қызмет барысында өзін білікті оқытушы және жауапты ұйымдастырушы ретінде көрсете білді. Кәсіби деңгейін арттыру бағытында әрдайым жұмыс істейді, білім беру бағдарламаларын дамытуға, ғылыми-зерттеу қызметіне және аграрлық сала үшін жоғары білікті кадрлар даярлауға белсенді қатысады. Әріптестері арасында құрметке ие, білім алушылар арасында беделі жоғары.
Оқу орны: Қазақ ауылшаруашылық институты
Мамандығы: 1516- Ауыл шаруашылығы
Бітірген жылы: 1991
Біліктілігі: инженер-педагог
ҚР ҒЖБМ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ КОМИТЕТІ ҰСЫНҒАН ҒЫЛЫМИ БАСЫЛЫМДАРДАҒЫ МАҚАЛАЛАР
1. Құрбаналиев Б.Б. және т.б.. Ауыл шаруашылығындағы негізгі жер өңдеу жұмыстарын жаппай қызмет көрсету теориясы бойынша жүргізу нәтижелері // Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Хабаршысы. – 2022. – № 3 (62). – 43–55 б.
Сілтеме:
2.Курбаналиев Б.Б. және т.б. Теория и исследование транспортно-технологических машин как типовое звено системы автоматического регулирования. // Ізденістер, нәтижелер – Исследования, результаты. – 2025, – №2 (106). –532-544 б.
ПАТЕНТТЕР
Автономды арамшөптерді жою роботы. №8457/ Курбаналиев Б.Б. және т.б., 29.09.2023.
Сілтеме:
https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/kazahstane-zapatentovali-robota-unichtojitelya-osnaschennogo-539984/
БАСҚА ЖАРИЯЛАНЫМДАР
1.Курбаналиев Б.Б. және т.б. Техникалық сервис орталықтарындағы мәселелер мен инновациялық қызмет түрлерінің перспективасы // Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Хабаршысы. – 2021. – № 3 (58). – 127–137 б.
Сілтеме:
2. Курбаналиев Б. және т.б. Инженерлерді кәсіби даярлаудың әлемдік деңгейдегі өзекті мәселелері // Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Хабаршысы. – 2021. – № 2 (58). – 127–137 б.
Сілтеме:
Әдістемелік ұсынымдар
1. «Іштен жану двигательдерінің жылулық есебі»
«Тракторлар мен автомобильдер» пәнінен «Іштен жану двигательдерінің жылулық есебі» бойынша практикалық жұмыс жасау әдістемесі. Библиотека КазНАИУ
Бакалавриат:
• Ауылшаруашылық машиналары
• Өсімдік шаруашылығында машиналар мен жабдықтарды пайдалану
• Орман шаруашылығы жұмыстарын механикаландыру
Соңғы 5 жылдағы біліктілікті арттыру
1.Инновациялық ауылшаруашылық машиналары. «Парасат» оқу орталығы 2025
Физиология және еңбек психологиясы. «Парасат» оқу орталығы 2025
2.Көлік техникасын, машиналар мен жбдықтары техникалық пайдалану және сервис. «RAMAZAN» оқу орталығы 2025
3.Жоғары оқу орындарында инклюзивті білім беру учебный центр. «QAZ EDU» оқу орталығы 2024
4.Жүк және коммерциялық жұмыстарды ұйымдастыру «Парасат» оқу орталығы 2024
5.Педагогика және оқыту әдістемесі ҚазҰАЗУ-ң біліктілікті жоғарлату офисі 2023
6.Машиналарды жөндеу және сенімділігі. «Парасат» оқу орталығы 2025
7.Орман шаруашылығы жұмыстарын механикаландыру. «Парасат» оқу орталығы 2025
8.Мелиорациялық және құрылыс машиналары. «Парасат» оқу орталығы 2025
9.Машинапайдалану. «Парасат» оқу орталығы 2025
10.Мал шаруашылығын мехникаландыру және автоматтандыру. «Парасат» оқу орталығы 2025